БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Қоғам тұншығуда

693

Праймеризден кейін сайлау өтіп, нұротан толық жаңарған соң, қазақ 50 жыл артқа шегінеді. Себебі бізде заманауи кадрлық жаңару болмады. Қазақстан қазір ұлттық кадрлық дағдарыстағы ел. Мұны сіздер жақсы білесіздер. Мобильді кадр тапшылығына ұшырап қалғанда, ескі жүйенің жыртығын ептеп тігіп, жаңаша реформалар жасаймыз дегенге есі дұрыс ел дұрыс қарамайды. Бұдан кейін бізде тек әлеуметтік жағдай ғана емес, ғылым, білім, тіл, дін, ұлттық құндылықтар, барлық саладан кері кетеді. Қазіргі "президент" тіл туралы заңды қабылдатуға құлқы жоқ. Тіл кетсе, барыңды тапсыра сал орысқа. Қазір қарапайым халық барған сайын кедейленіп, бай әулеттер қатты байып, теңдік құрып кетті. Сонымен Қазақстан "Нұр Отанды" жаңартып жасақтап алып, дамыған елдерден 120-150жыл артта қалады. Бұл күмәнсіз дүние. Жауапкершілік пен ел алдындағы міндет билікте де, халықта да баяғыда өлген. Біздің қоғам сана, прогресс жағынан тұншығып жатыр. Жалпы, біртүрлі жағдай орнаған.

Бекболат Қаржанның жазбасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы