Жоғалып кеткен алматылық әйелдің мәйітін ит тапты

366

Алматыда қызметтік ит із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйітін тапты. Бұл туралы  "Адырна" ұлттық порталы Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әйел 9 қыркүйекте жоғалып кеткен. Содан бері одан ешқандай хабар-ошар болмапты. Іздеу-тексеру амалдары нәтижесінде, қызметтік иттің көмегімен әйелдің денесі 23 қыркүйекте  табылған. Жоғалған әйелді іздеуге 5571 әскери бөлімінің жедел батальонының сарбаздары қатысты.

Сағат 16.30-да қатардағы жауынгер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызмет маманы ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов әйел табылуы мүмкін жерлерді аралап шыққан. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит те болған.

Кинолог итке әйелдің жемпірін иіскетіп, іздеуге жіберген. Ит иіс ізімен жүріп, Бутаковка өзенінің арнасына апарған. Мәйіт осы жерде табылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы