Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта жеңді

3535
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/200926111844906a3699206i.jpg
Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Алаңда аласұрған қарсыласына асықпай төтеп берген Қуат Хамитов бұл жекпе-жекті айқын жеңісімен мерзімінен бұрын  аяқтады. Бірінші раундта-ақ тұншықтыру әдісімен қарсыласын талықсытып жеңді. Осынау сәтті жеңіс Қуат Хамитовтың кәсіби спорт мансабындағы 19-шы және соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңісі болып таих парағына жазылды. Ахмад- Хан Боков ММА-да бесінші рет жеңілістің ашты дәмін татты. "Хабар" арнасында және Fight Nights Global-дың YouTube ресми каналында жекпе-жектің толық нұсқасы көрсетілді.  

Ұларбек Дәлейұлы

 
Комментарии