Кезекші сыныпқа баратын 16 баладан коронавирус анықталды

4516
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы кезекші сыныпқа баратын 16 баладан коронавирус анықталды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына  сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, балабақшадағы бүлдіршіндерді де аты жаман ауру айналып өтпепті.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

–« Балалардан КВИ табылған оқу орындары мен балабақшалар  14 күнге жабылды. Сол  мектептерде жұмыс істейтін барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер ПТР-тест тапсырып, бақылауға алынды»

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, балалар үйде емделіп жатыр. Барлығы кеселді жеңіл түрде өткізуде. Қазір Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарында COVID-19 шыққан оқу ордалары 14 күндік карантинге жабылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер