Ақтау қаласында базардың бір бөлігі өртеніп кетті

1694
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы 22 шағынауданда орналасқан "Масат" базарында өрт шыққан. Өртті сөндіруге жүзден астам адам тартылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама сағат 6.55-те түскен.  17 сауда дүңгіршегі мен 14 контейнер, шатыр астындағы 60-қа жуық сөре жанып кеткен.

Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров: "Қызыл жалын 8.16-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің 65 қызметкері және 11 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деп мәлімдеме жасады.

                Фото ашық дереккөзден алынды

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер