Қостанай облысының әкімі қанша айлық алатынын айтты

2508
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының әкімі «Қостанай – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесі алаңында «Antikor Live» жобасы аясында «Ашықтық, үйлесімсіздік және әкімдіктердің қолжетімділігі» тақырыбында сөз сөйледі. Архимед Мұхамбетов  облыс тұрғындарына 766 мың теңге айлық алатынын жеткізді. Әкімнің сөзінше, еліміздегі мемлекетік органдардың бірінші басшылары айлықтарын жария етуі тиіс. Ол мемлекеттік орган басшыларының міндеті болып есептеледі.

 

"2020 жылдың тамыз айында республикалық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бастамасымен "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" атты жобасы әзірленді. Аталған жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен түрлі деңгейдегі әкімдердің өздерінің айлық жалақыларын түрлі ақпараттық желілірде жария ету болып табылады. Осылайша аталған жобаны қолдай отырып, Қостанай облысы әкімінің айлық жалақысы - 766 мың теңгені құрайтынын жеткізгім келеді келеді. Жалпы бұл бастамашылық акция мемлекеттік қызметтің ашықтығын әрі айқындығын көрсетіп, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту, сондай-ақ мемлекет басшысы ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын жүзеге асыруға өз ықпалын тигізетініне нық сенімдімін,"- деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетсек, Архимед мырза 2016 жылы ең төмен айлық алатын әкім ретінде танылып, 636 947 теңге айлық алатыны жарияланған.

Әкімнің толық баяндамасы сілтемеде.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер