Әзербайжан әскерлері алты ауылды азат етті

3647
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан әскерлері осыған дейін Арменияның қарамағында болған алты ауылды азат етті. Бұл ауылдар армяндар тарапынан қарсы атылған оқтың салдарынан қоршауда қалған болатын деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы QHA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, Әзербайжанның Әскери күші Физули мен Джебраил аудандарындағы алты ауылдың Арменияның қоршауынан босатып алды. Әзербайжан Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Анар АЙВАЗОВ ендігі жерде Қараханбейлі, Жервенд, Гередиз, Физули аймағындағы жоғарғы Абдурахманлы, Нюзар және Джебраил ауданындағы Үлкен коралл ауылы  Әзербайжан мемлекетінің қорғауына және бақылауына өткенін хабарлады.

Пікірлер