«Борат-2» фильмінің атауы белгілі болды

2709
Adyrna.kz Telegram

«Борат-2» фильмінің атауы белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы The Film Stage-ге сілтеме жасап.

Басылымның жазуы бойынша, оның атауы: Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan (Борат:Вице-премьер Михаил Пенске саны азайып кеткен Қазақстан халқының игілігі үшін порнография маймылын сыйлау).

Туындыда коронавирус, Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейнге қатысты жыныстық жанжал тақырыптары көтерілетін болады. Сонымен қатар, сиквелде АҚШ-тың бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде вице-президент Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және басқалары көрсетіледі.

Фильмнің премьера күні әзірге белгісіз. Айта кетейік, «Борат» бүкіл әлем бойынша 262 миллион доллар табыс әкелген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер