Q-net: Ақтөбеде қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық іс тергелуде

2245
Adyrna.kz Telegram

Пайда табу үшін клиентке өзімен бірге 2 жаңа адамды алып келу ұсынылады. Олар жоғарыда аталған өнімдерді сатып алуы қажет, бұл жағдайда Компания оларға аптасына 1000 доллар көлемінде пайда табуға уәде етеді.

«Q-net» компаниясы сонымен бірге жаңа клиенттерді тарту мақсатында әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда белсенді жарнама жүргізеді. Сондай-ақ жаңа клиенттерді тарту, адамдарды манипуляциялау және оларды ақша қаражаттарын салуға сендіру тәсілдерін үйрету үшін тәуелсіз өкілдермен үнемі тренингтер өткізеді.

Осыған байланысты Компанияның клиенттері тіркеу және ақша қаражатын салу үшін банктерден және басқа қаржы институттарынан 2000 АҚШ доллары көлемінде несие рәсімдейді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер