Әлімханұлы 22 нокауты бар әлем чемпионымен кездесуі мүмкін.

535

Джермалл Чарлоның ықтимал қарсыластарын атады. Америкалық боксшы 27 қыркүйекте украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, WBC титулын қорғап қалған. Джермаллға қарсылас болуы мүмкін боксшылар арасында қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы да бар. Бұл туралы BadLeftHook.com-ға сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

"Ағайынды Чарлоларға келесі қарсылас кім болатынын туралы анық жауап жоқ. Бірақ Джермаллдың жағдайында жағдай тұрақтылау. Егер ол аралық жекпе-жек қаласа, Хайме Мунгия, Лиам Уильямс пен Мацей Сулецки сияқтылармен бетбе-бет келеді. Олар WBC рейтингінде жоғарғы орында. Сонымен қатар, тізімде Деннис Хоган пен Брэндон Адамс бар, оларды Чарло бұрын да жеңген, сонымен қоса, Жәнібек Әлімханұлы да қарсылас болуы ықтимал", - деп жазады басылым.

Пікірлер