Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қарттар күні тойланды

3270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/e403f98d-2eda-4abc-a650-86707f30af22-960x500.jpeg?token=7403cd2bf2ee2f01f6f293ae3c60a8c9
Қариясы бар ел - қазыналы ел. Қарттар күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосын сый ұйымдастырылды. Мамандар оларға гүл мен сыйлық үлестіріп, кезектен тыс сапалы қызмет көрсетті. – Біздің ата-аналарымыз бен әжелерімізден қымбат не болуы мүмкін? Олардың әрқашан сау болғанын және ешқашан қайғырмағанын қалаймыз. Басты назар оларға аударылады. Қарттар - біздің қазынамыз. Оларға көңілден басқа ештеңе қажет емес, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева. Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпақтарының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Мұндай шара шаһардағы барлық фронт-кеңселерде жалғасады.
Комментарии