Кавасаки синдромынан екі бала қайтыс болды

2711
Adyrna.kz Telegram

Кавасаки балалар үшін коронавирустан да қауіпті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап. Еліміз бойынша аталған індеттен екі бала қайтыс болды. Көз жұмғандардың бірі- 2 жастағы сәби. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Екінші күні жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Бірақ, 1 ай бойы комада жатқан бүлдіршінді құтқарып қалу дәрігерлерге мүмкін болмаған.

«Қайтыс болған екінші бала -15 жастағы жасөспірім. Оның созылмалы ауруы болған. Сондықтан баланың жағдайы ауыр болды. Одан алынған қан сынамасында коронавирустың бары анықталды. Барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілдігеніне қарамастан, құтқарып қалу мүмкін болмады»,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар ҒИНАЯТ.

Қазір аталған кеселден 37 бала жазылып шыққан. Екеуі емін жалғастырып жатыр. Есесіне коронавирусты мектеп жасындағы балалардың жұқтыру дерегі көбейген. Ел аумағында COVID-19 109 баладан анықталса, соның 36-сы кезекші сыныпта оқиды. Ал, қалғандары қашықтан білім алады. Жалпы, оқушылармен байланыста болған адамдар арасынан да дертті жұқтырғандар бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер