Трамптың көңіл-күйі жақсы

2532
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп Мэриленд штатында орналасқан Walter Reed әскери ауруханасына (Walter Reed National Military Medical Center) жатқызылды. Бұл туралы РБК сайтында хабарланды  деп жазады BAQ.KZ.

Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дәрігерлердің ұсынымы бойынша басқаларға жұқтырудың алдын алу мақсатында жасалды. Трамп аурухана кеңсесінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кейли Макинэнидің айтуынша, президентке Regeneron компаниясының коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелері салынды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы цинк, D дәрумені, фамотидин, мелатонин және аспирин қабылдап жатыр.

Президент дәрігері Шона Конлидің айтуынша, Трамп тез шаршайды, бірақ оның көңіл-күйі жақсы.

Коронавирус жұқтырған Мелания Трампты жөтел мен бас ауруы мазалайтын көрінеді.

Кеше Дональд Трамптың індет жұқтырғанын естіген Қасым-Жомарт Тоқаев  Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіріретінін айтқан.

Айта кетейік, 3 қарашада АҚШ-та президен сайлауы өтеді. Трамтың басты қарсыласы – Джо Байден. Байден АҚШ-тың бұрынғы вице президенті.

29 қыркүйекте Дональд Трамп пен Джо Байден алғашқы теледебатын өткізіп үлгерген.. Онда медицина реформасы, коронавирус пандемиясы, жоғары соттың жаңа судьясын тағайындау және нәсілшілдік тақырыбын талқылады.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер