Ақтөбе облысында бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды

2440
Adyrna.kz Telegram

6-қазан сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай -ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін 22 азаматқа «Халық алғысы» медалін табыстады.

«Биылғы жыл бәрімізге де үлкен сынақ болды. Әлемді әлекке салған індет ел шетіне келгенде, оған қарсы тұруға бүкіл ел болып жұмылдық. Карантин режиміне көшіп, әдеттегіден тыс жағдайда жұмыс істеуге икемделдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті вирустың кең тарап кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Дәрігерлеріміз өз білімдерімен тәжірибелерінің арқасында қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, мүмкін болған қауіп - қатерге қарамай індетке қарсы күресу – нағыз патриотизмнің көрінісі деп санаймын. Өздеріңіздей азаматтар бүгінгі күннің шынайы батырларына Халқымыздың алғысы шексіз»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

«Халық алғысы» медалімен Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әлимағанбетов, Ақтөбе қаласы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Вячеслав Бикмұханов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Дүйсенбаева, «Жайсан» шекара бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы Арслан Оразов т.б әр түрлі сала мамандары мен кәсіпкерлер, еріктілер тобының жетекшілерінен құралған бірқатар ақтөбелік марапатталды.

Ақтөбе облысы

Пікірлер