Әлиев пен Пашинян телеарна арқылы тілдесті (видео)

2833
Adyrna.kz Telegram

Euronews арнасы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянды онлайн сұхбатқа шақырып, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты өз ұстанымдарын сұрап білді.

 

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:

-Атысты тоқтатуға біржақты шешім жеткіліксіз. Мүмкін де емес. Сол үшін оған екі тараптың да атсалысқаны жөн. Қыркүйектің 27 күнгі Арменияның бізге жасаған шабуылынан инфрақұрылымымызға залал келді, бейбіт тұрғындарды үрейлендірді. Соңғы үш айда Армения бізге үш рет шабуыл жасады: баллистикалық, кассеталық бомбалардың салдарынан 30 шақты бейбіт тұрғынымыз қайтыс болды.

 

Ал Пашинян болса бұл пікірмен келіспей, Әзірбайжанды Таулы Қарабақта этникалық тазарту жүргізбек болды деп айыптады.

"Біздің әскери мақсатты көздеп отырмағанымыз жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық қауымдастықтарда жеткілікті ақпараттар бар. Ендігі  жерде саяси мәселені шешу керекпіз. Біздің  мақсатымыз біреу ғана - армян халқын жаңа геноцидтен қорғау. Бұл өзін-өзі қорғау. Біздің ұстанымымыз өз-өзімізді қорғау болды және солай жалғаса береді.  Карабақ мәселесін күшпен шешу мүмкін емес. Әзірбайжан бұл жағдайды зорлық-зомбылық жасаумен шешкісі келіп отыр", - деді премьер Пашинян

 

Жасұлан Наурызәлі,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер