Зайырлы қоғамда өмір сүретін адамдар да бар екенін ұмытпау керек

2278
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық арнаға Мұхамеджан Тазабеков келгелі қоғам белсенділерінің оған қарсылығы күшейе түсуде. Солардың бірі Тортуыл Шоқан да Ұлттық арнадан діндерді уағыздауға қарсы екендігін айтып, өз пікірін ортаға салды.

 

"Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметтегі адамдар, өз діни ұстанымына қатысты атрибуттар мен жөн-жоралғысын интимді (жариясыз) ұстауы тиіс! Осыған қатысты заңдарға толықтырулар мен түзетулер енгізілуі тиіс деп санаймын!

 

Ұлттық арнадан ислам т.б. діндерді уағыздауға қарсымын!

 

Көпшілікке қызмет көрсететін орындарда «оранып алғандардың» қызмет көрсетуіне қарсымын!

 

ҚР ата заңында жазылған «Қазақстан — зайырлы мемлекет!» қағидасын орындай өмір сүрейік!

 

Сенім-наным — адамның ішкі жан-дүниесінде, жүрегінде болуы шарт!

 

Құранды оқып тәфсірлеген адам ретінде айтайын:  ол жерде, өз діни нанымдары мен шарттарын орындау үшін, жергілікті жер заңы кейбір баптарын харамға шығаратын аяттар бар!

 

Қатары көбейсе түбі тәуелсіздігімізден айыратын ерекше ағым бұл!

 

VII ғасырда бытыраңқы жаһил араптардың басын қосып әскер жасап, басқа елдерді жаулап алып басқару стратегиясы!

 

Әгәрәки Аллаһ бар болса, ол өз құлдарының трофей (басқыншылықтан түскен олжа) турасында айтқызбас еді. Бірінен екіншісін үстем етпес еді!

 

Мысалы,  « соғыстан түскен олжаның 1/3-і (үштен бірі – ред)  Аллаһ пен оның елшісі Мұһамедке тиесілі..» —деген аят бар.  Аллаһ дүния ісіне мұқтаж болмаса ол трофейдің 1/3 бөлігіне неге ауыз салған?

 

Демек, бұл аяттың иесі анау айтқан құдай емес, өзін құдай орнына қойып алған пенде Мұһаммедтің ісі емес пе?!

 

Қош, біздің елде ислам дінін уағыздау — XIV ғасырдан бері  құдайдан бір рет те мұғжиза көрмеген, бірақ биліктен үміті бар бір топ мүддесі!

 

Оларға қосымша қаласа да, қаламаса да қызмет көрсетіп отырған ортаңқол шенеуіктер бар!

 

Ал ислам дініндегі қалың бұһараны ол топ, бар билікті басып алуға пайдалануды көздейді!

 

Құранды бір рет те оқымаған, әуелі «тәубе» «шүкір» сөздерін ретті қолдануды білмейтін надан топқа айтарым мынау:

Пікір жазбас бұрын құранды оқы. Оған сауатың жетпесе — құран тәфсірлеген адамдар жазбасын оқы да, ой түй! «Намазыңды үйіңде неге оқисың?» деп ұрынатын адам жоқ.

 

Зайырлы қоғамда өмір сүргісі келетін басқа да адамдар бар екенін ұмытпағандарың абзал!

 

Айтпақшы, Ұлттық арнадан ислам дінін насихатына уақыт берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірі А.Балаеваның жұрт алдында «балы» түсті!

 

Оған оның «қылы да қисаймайтынын» ол да, біз де түсініп отырмыз!

 

Ұлт дамуына кедергі болатын проектіге жол беріп жұмыс істегеншенше  -   үйде жұмыссыз жатып өлген жақсы!", - деп түйіндеді Тортуыл Шоқан.

 

 

Пікірлер