А. Атамбаев: Мен халқыммен біргемін (видео)

2618
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өзінің өміріне қастандық жасалатынын білгенін, оны кімнің ұйымдастырған айтты. Мұны өзінің кеңесшісі Құндыз Жолдубаева жариялаған видеода мәлімдеді.

- Менің өміріме қастандық жасауға дайындалып жатқандары туралы ақпаратты кеше естіп алғанмын. Қастандық жасаушыларға ҰҚК-нің кейбір басшылары көмектесіп отыр. Олар Райым мен Сөкештің адамдары. Қауіпсіздік кеңесінің басшысының өзі оған  құрылымдық күштердің  ештеңе істей алмайтынын айтқан. Олардың барлығы бір мафия. Бүгін билікті қалыпына келтіргісі келіп жатқан адам да сол Матраимовтың миллиондарына қол салған. Олар Атамбаевты өлтірсек, барлығы жан-жаққа тарап,  қашып кетеді  деп ойлайды. Олай болмайды. Мен халқыммен біргемін. Бұл - менің туған жерім. Үміт секілді азаматтар отаны үшін жанын қиюға даяр... Олар қару-жарақ пен тастарды алдын ала дайындап қойған - дейді видеода Атамбаев.

Видеода Атамбаевтың көлігіне атылған оқ іздері де көрсетілді.

Пікірлер