Тәжікстанда президент сайлауы басталды

2102
Adyrna.kz Telegram

11.10.2020 жылы жергілікті уақытпен сағат 6.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.00-де) президент сайлауы басталды,- деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Барлығы 3375 сайлау учаскесі ашылған. Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқталады (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19.00).
Мемлекет басшылығына бес кандидат қатысуда. Олардың арасында Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы, Жастар одағы және Тәжікстан халықтық-демократиялық партиясы ұсынған қазіргі президент Эмомали Рахмон да бар. Сайлауға сонымен қатар социалистерден Абдухалим Гаффорзода, Тәжікстанның Экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода, коммунистерден Миродж Абдуллоев және аграрлық партиядан Рустам Латифзода қатысады.

Шетелде дауыс беру үшін 29 елде 39 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Фото: Нозим Каландаров / Reuters

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер