Арыс қаласында тағы жарылыс

3533
Adyrna.kz Telegram

Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Арыс қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, әскери бөлімінің техникалық аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 9.00 мен 18.00 аралығында өтіп жатыр.

«Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ»,-деді Баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында Арыста жойқын жарылыс болған еді. Қазіргі таңда  44859 әскери бөлімінің арнайы техникалық аумағында аймақты оқ-дәріден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер