Бішкекте төтенше жағдай алынып тасталды

2074
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның  Жогорку Кенеш депутаттары 16 қазанда кезектен тыс жиналыста Бішкектегі төтенше жағдай тәртібін алып тастау туралы қаулы қабылдады.

Бұған дейін 12 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков астанада бір аптаға төтенше жағдай енгізген. Мемлекет басшысының мұндай әрекетіне парламент сайлауынан кейінгі жаппай тәртіпсіздік себеп болған.

15 қазанда Сооронбай Жээнбеков президент қызметінен кетті. Парламент спикері Қанатбек Исаев президент міндеттерін атқарудан бас тартты.

16 қазанда Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында Жээнбеков пен Исаев ресми мәлімдемелерін жариялап, президент құзыретін премьер-министр Садыр Жапаров өз қолына алды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер