Қастер мен Мұрагер босқын мәртебесін алды

776

Қытайда туған қандастарымыз Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы  босқын мәртебесін алды. Бұл туралы белгілі адвокат Ләззат Ахатова фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

"Сүйінші!!!
Қастер мен Мұрагер босқындық мәртебесін алыпты! Арада түсініксіз жағдайлар болса да, пендешілікке салынатын кез емес, екі жігіт үшін ШЫН ЖҮРЕГІММЕН ҚУАНЫШТЫМЫН!
ҚАСТЕР, МҰРАГЕР, қуаныш құтты болсын! Сендер үшін қуаныштымын!
Тәуелсіз Қазақстанның АЗАМАТЫ болуларыңа тілектеспін! Осы уақытқа дейінгі қиын сәттеріңде, бостандыққа шыққан сәттеріңде бірге болсам да, ақырғы қуанышты бірге тойлайтын күнді жазбапты. Ол маңызды емес. Маңыздысы- о бастағы мақсат орындалды! Енді Қазақстанға өкпелерің жоқ шығар)
Барлық қиындық артта қалып, босқындықты да алатын күніміз жақын деп, қанша сендірсем де,жеңіске жарты қадам қалғанда, басқа адвокаттан араша сұрағандарың мен үшін түсініксіз болғаны жасырын емес. Мүмкін, оған сендердің кінәларың жоқ шығар. Мүмкін, біреулердің саяси ойыны болған шығар..Әлбетте солай.. Алайда бәрі аяқталғанда көмек сұраған Азанов әріптесім неге істі тағы да соңына жеткізбеді?..Мүлде басқа өкіл қатысыпты комиссияға..”Енді тіпті қорғаушының да қажеті жоқ, комиссияға өздерің қатыса берсеңдер болады, карантин аяқталған соң, босқындықьы да аласыңдар” - деген болатынмын. Ол күнге де жеттіңдер. Сенімсіздік танытып едіңдер, енді базбіреулер сияқты саяси ойын ойнамағанымды түсінген боларсыңдар..
Жә, өкпе-реніш айтатын уақыт емес, шынымен жүрегім жарыла, қуанып отырмын! Ести сала шыдамай, пост жазып жатырмын.
P.S. Нұргүлге (Мұрагердің әпкесі) хабарласып, бір-бірімізді құттықтап, астаналықтар өзіміз мәре-сәре қуанып жатырмыз. “Қиын сәттерде жандарында біз болдық қой, оны ұмытпайтын шығар, екеуі. Астанаға келген соң, тойлаймыз ғой, әпке”-деп жатыр Нұргүл де қуанышы қойнына сыймай “Тойлауды қоя берші, мақсатымыз орындалғанын айтсайшы. Қорғайтын жерде қорғадық, енді қастарында кім жүргені маңызды емес, бар қиындық артта қалды”-деп жатырмын.
Екі ұлың атамекенде қалды, ҚАЗАҚ ЕЛІМ!!!,"- деп сүйінші сұрады.

Еске сала кетсек, Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына  "мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылып, сот үкімімен қамауға алынған болатын. Жыл басында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты Шыңжаңнан Қазақстанға өткен (қашқан)  екі этникалық қазақты бір жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған еді. Адвокад Ләззат Ахатова қос қандасымызды қамаудан босатып алды.

Осы оқиғадан соң олар адвокат Бауыржан Азановтан көмек сұрап, ол осы істі қолға алған.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы