Павлодарда ана тіліміздің мәртебесін көтеруге арналған митинг өтпек

3839
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда  «Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету және қазақ тілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату» тақырыбында қала әкімінің рұқсатымен митинг өтпек, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы қоғам белсендісі Руза БЕЙСЕНБАЙ ТЕГІНІҢ Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Митингті ұйымдастырушы тіл жанашыры, қоғам белсендісі Руза Бейсенбай тегі өз мәлімдемесінде: «Өңірдегі жерлестер, тіпті көрші қаладан келсеңіздер де, 1 жақ жолын төлеуге даярмын. Өйткені бірен-саран ғана болсақ, орыстілді мазақстанның мазақ қаласында бұрыңғыдан да бетер қазақ тілінде бас көтермесіміз анық, - деп үндеу жасап: Бір «арам» ойым, билік бір қолымен беріп, бір қолымен алып жататынын білесіздер, сондықтан 60 шақты тіл волонтерларының (негізінен билік жасақтаған) бір де біреуі хабарласпады. Соған қарағанда оларға бармаңдар деген де болулары мүмкін ғой, әйтпесе, тілім деп жүргендерге қай шара болса да артық емес шығар? (Тыныс белгілері түзетілді – Ред.) – деп олқылықтарды да қоса айтқан.

Қоғам белсендісінің бұл бастамасы әлеуметтік желілер арқылы өзге де тіл жанашырының қолдауына да ие болды.

Митинг 18 қазан сағат 11.00-14.00 аралығында Павлодар қаласы Конституция алаңында өтеді. Митинг регламенттен  және жиналған халық саны 500 адамнан аспауы тиіс.

Назарларыңызға қазақ тілінің мәртебесі үшін талай басын қатерге тігіп жүрген Руза Бейсенбай тегімен болған «Руза БЕЙСЕНБАЙ ТЕГІ: Қазақ тілінің мәртебесінің төмендігіне билік өкілдері кінәлі» сұхбатымызды ұсынамыз.

Фото Руза Бейсенбай тегінің Facebook парақшасынан алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер