Босқын мәртебесін алған Қастер мен Мұрагер азаматтықты қашан алады?

992

Осыдан бір жыл бұрын қытай шекарасын басып өтіп, Қазақстанға келген қос қандасымыз Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлы босқын мәртебесін алды.  Мәселенің мән-жайын толыққанды білу үшін екі азаматтың адвокаты Бауыржан Азановқа хабарласып көрдік.

Бауыржан Азановтың сөзінше, оның былтыр босқын мәртебесін беру бойынша тапсырған өтініші толықтай қанағаттандырылған.

2019 жылдың 14 қазанында Алматы қалалық көші-қон полициясына Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына босқын мәртебесін беру туралы өтініш тастаған болатынмын. Менің сол өтінішімді Ақмола облыстық көші-қон полициясының басқармасы толықтай қанағаттандырып, екі азамат босқын мәртебесін алды, -дейді адвокат.

Сондай-ақ, босқын мәртебесін алған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстан азаматтығын қанша уақыт аралығында алуы мүмкін деген сауалымызға да Бауыржан АЗАНОВ жауап берді:

Біздің заң бойынша олар қазір босқын мәртебесін алып отыр. Ол бір жылға беріледі. Бір жылдан кейін олар «Азаматтығы жоқ тұлға» куәлігін алуы керек. Ол бес жылға беріледі. Аталған куәлікті алғаннан кейін ғана, Қазақстан республикасының азаматтығын алу мәселесі қаралады,-дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, қазан айында «Пана іздеуші тұлға» куәлігінің мерзімі аяқталатын екі азамат тамызда адвокат Бауыржан Азановтан көмек сұрап, осы істі қолға алуын өтінген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы