Әлем чемпионы кәсіпқой бокста бақ сынайды

1077

Қазақстан ұлттық құрамасының қос бірдей боксшысы кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

31 қазан күні  Атырау қаласында өтетін бокс кешінде әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (81 кг) пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 кг) кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

«Suleimen Promotion» компаниясы ұйымдастыратын кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia, WBA International белбеулеріне таласу  үшін шаршы алаңға шығады. Бұл күні Бек Нұрмағамбетов, Евгений Павлов және Данил Семенов те рингке көтеріледі. Данил  Бекзат пен Абылайхан секілді кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін өткізеді.

Бұған дейін ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та кәсіпқой бокста бағын сынап, Иса Ақбербаевты техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Токио Олимпиадасына дайындық жүргізіп жатқан боксшыларға сәттілік тілейміз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы