Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров сайлауға түспек

974

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров егер заңнамаға өзгеріс енгізілсе, президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі заңнамаға сәйкес президент міндетін атқарушы президенттікке кандидат бола алмайды.

Садыр Жапаров «Россия 24» арнасына берген сұхбатында: «Қазір парламент президенттік және парламенттік сайлау туралы заңнамаға түзетулер дайындап жатыр. Егер заңдағы осы өзгерістердің нәтижесінде сайлауға қатысуға рұқсат берілсе, мен қатысамын», - деген.

Жапаровтың айтуынша, әлі нақты шешім қабылданбағандықтан, бұл туралы кесіп айту мүмкін емес.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда 5 қазанда 4 қазан күні өткен парламент сайлауының нәтижелерімен келіспеуден жаппай наразылықтар басталды. Наразылық білдірушілер оппозициялық партия парламентке өтпегендіктен, қауіпсіздік күштерімен қарсыласып, президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Қақтығыстан 1,2 мыңнан астам адам жарақат алып, біреуі қаза тапқан. Ал Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Сонымен қатар 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков те президент қызметін босатқан-ды.

Айта кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауы осы жылдың 20 желтоқсанында, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

 

Фото ашық дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы