Бүгін - Құтқарушылар мерекесі

5930
Adyrna.kz Telegram

 Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. 

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған. Адамдарды, қоғамды ақпараттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келген. Бұл қызметтің бір бөлігі полицияға жүктеледі.

Жалпы 2017 жылдың басынан бастап бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет «112» телефонына азаматтардан 4,5 миллиондай қоңырау келіп түсті, оның ішінде «101» телефонына 1,5 млн. қоңырау келіп түсті. ТЖК жедел-кезекші қызметтер 1300 рет төтенше сипаттағы SMS-хабарлама таратуды жүзеге асырды.

Құтқарушы мамандығының міндеті – адам өмірін құтқару . Техникалық ақауларға байланысты өміріне қауіп төнген адамдарды құтқарып шығару. Бір күннің өзі тыныш өтпейтіні анық. Адам өмірін құтқару жолында өз өмірлерін құрбан етеді. Тәуекел етіп жұмыс жасайды. Қарап отырсаңыз оның өзі ерлікү. Бір сөзбен айтқанда XXI ғасырдың көзсіз батырлар деуге тұрарлықтай. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да кезкелген жағдайға дайын болу керек.  Зілзала, өрт, жарылыс болған жерге дер кезінде барады.  Әрбір мамандықтың  өзіне тән қиындығы болады. Қиындығы мен қызық құтқарушылар мерекесі құтты болсын!

Құтқарушы күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті және оның аумақтық бөлімшелері барлық облыстарда мерекелік іс-шаралар өткізеді.

Айсауле   Кенгашова

Пікірлер