СҚО мекемелерге Жұмабаевтың, Серкебаевтың, Ақан серінің және Қожаберген жыраудың атауын берді

629

Солтүстік Қазақстан облысы  мекемелерге Мағжан Жұмабаевтың, Ермек Серкебаевтың, Ақан Серінің және Қожаберген жыраудың есімдерімен аталатын болды. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы - «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Петропавл қаласындағы Өнер колледжі Ермек Серкебаевтың, облыстық Филормония Ақан Серінің атымен аталатын болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 648 қаулысында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі, "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілсін делінген.

Сондай-ақ Үкімет қаулысында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының "№ 4 Булаево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы "Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Преснов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын делінген. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақ радиосы Ақмола облысындағы Степногорск қаласында Н. Островский атындағы мектеп Ы. Алтынсарин, М.Горький атындағы мектеп А.Байтұрсынұлы, А. Гайдар атындағы мектеп Ш. Уәлиханов болып өзгергенін хабарлаған еді.

Пікірлер
Редакция таңдауы