Қар жауып, боран соғады

3244
Adyrna.kz Telegram

Қараша айында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Айдың бірінші жартысында Республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қарашада жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады.

Айдың ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында - нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер