Әлемде өзбек тілінде сөйлеушілер 50 млн-ға жуықтады - Ш.Мирзияев

1197

Әлемде өзбек тілінде 50 млн адам сөйлейді. Мұны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Өзбек тілінің мерекесіне байланысты (1989 жылы 21 қазанда "Мемлекеттік тіл" туралы заң қабылданды - ред.) халқына арнаған құттықтау сөзінде:

"Қазіргі кезде әлемде өзбек тілді сөйлесушілер саны 50 миллионға жуық болуы оның әлемдегі ең ірі тілдердің біріне айналып отырғандығын көрсетеді.
Шет елдердегі 65 жоғары оқу орындарында өзбек тілі мен әдебиеті зерттелуде және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізетін шетелдік ғалымдардың саны өсуде," - деді Шавкат Мирзиев. Құттықтау сөзінде Ауғанстанның өзбек тіліне ресми тіл мәртебесі берілгендігі аталып өтіліп, сол үшін ел басшылығына шын жүректен алғыс айтатындығын жеткізді.

Қазір Өзбекстан латын ғарпіне толық көшудің алдында тұр. Президент Мирзияевтің өзбек тілін дамытуға арналған жаңа жарлығына сәйкес, 2030 жылға қарай елдегі барлық балабақшаларының 80 пайызы өзбек тілінде жүруі тиіс. Бұған қоса шетелдіктерге арналған өзбек тілі бағдарламасы жасалған.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық деңгейдегі шенеуніктердің өзбек тілі мен әдебиеті білімі тексеріліп, арнайы сертификат берілетін болды.

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы