Жұмсақ аю ойыншығының шығу тарихы

5708
Adyrna.kz Telegram

Teddy Bear ойыншығының шығуының өзі бүтін бір тарих. АҚШ президенті Теодор Рузвельт аңшылықты жаны сүйетін адам болған. Кезекті аңшылығы кезінде жанында қонжықтары ерген аюды атудан бас тартады. Бұл факт Нью-Йорктегі газеттерде көптеген әзілдер мен мультфильмдердің шығуына себеп болады. Осы мультфильмдердің бірі Ресейден келген эмигрант, балалар ойыншықтарын сататын шағын дүкеннің иесі Моррис Михтомның көзіне түседі. Кейін бірінші аюдың қонжығын оның әйелі Роуз мультфильм кейіпкерінің бейнесі мен оның ұқсастығына қарай  тігеді.  Мишка  дүкен терезесінде көрсетіліп, АҚШ президентінің құрметіне «Teddy Bear» деп аталады.

Бұл кішкентай аюдың жетістігінің керемет болғаны соншалық көптеген адамдар осындай ойыншық сатып алғысы келеді. Сондықтан Моррис президент Рузвельтке ойыншық үшін Тедди атын қолдануды сұрап ресми түрде жүгінуге мәжбүр болады.  Рұқсат алғаннан кейін Моррис ойыншықтар империясының негізін қалады, ол бүгінде гүлденіп келеді.

Қонжық аюдың туған күніне орай бүкіл әлемде бір-бірін құттықтап, сыйға қонжық аюларды сондай-ақ, күліп тұрған Тедди бейнеленген ашық хаттар беру дәстүрге айналған.  Барлық түсті және типтегі қонжықтарды сататын балалар дүкендері мен мамандандырылған орталықтары ойыншық аюдың туған күніне орай акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастырады екен. Көбінесе қайырымдылық ациялары балалар үйіне, жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін плюш ойыншықтарын таратадыекен.

Міне қызық, қазір балаларымыз құшағына басып, қызығына қанып ойнап жүретін жәй ғана ойыншық аюдың шығу тарихы осындай екен. Балаңызды қуантқыңыз келсе бүгін таптырмас күн секілді. Жақындарымызға қуаныш сыйлай білейік!

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер