Қазақстандық мектептер екінші тоқсанды қалай оқиды?

2704
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/oku8fd08ccbc4ef37f146bbafdf1a0d9ec0_resize_w_1200_h_630.jpg
Оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің Telegram - да жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр. Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады. Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім Ведмоствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии