Есірткі өткізумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

2376
Adyrna.kz Telegram

Елорда аумағында арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорда аумағында есірткі затын өткізбекші болған, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 27 жасар күдікті қолға түскен. Оның автокөлігін тінту барысында өлшеп, орап өткізу үшін дайындап қойған, жалпы салмағы 500 грамнан асатын, ішінде «гашишы» бар сіріңкенің корапшалары алынып қойылды.

Сонымен қатар полицейлер елордаға есіркі затын негізгі жеткізуші болып табылатын сыбайлас адамды ұстады. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шыққан. Оның пәтерін тінту барысында оқ-дәрілері бар тіркелмеген жарақаттағыш қару, электронды таразы және есірткі затын пайдалануға арналған құрылғы алынып қойылды. 2 миллион 150 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты, өткізу үшін дайындап қойған ішінде «гашишы» бар 3 полиэтилен пакет және 265 дана ішінде есірткі заты бар өлшеніп, оралған сіріңке қораптары табылған.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер