Kaspi Bank клиенттерінің шотынан ақша жоғалуда

7199
Adyrna.kz Telegram

Kaspi Bank клиенттері өз есепшотындағы ақшаның жоғалып кеткенін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Осыған орай, банк өкілдері жаппай ақшаның жоғалу себебін түсіндірді.

«Өкінішке қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды. Карточкалар арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша алу және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен аударымдар жасау уақытша қолжетімді емес.Біз бәрін тезірек түзетуге тырысып жатырмыз, қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", — деді банк.

Айта кетейік, қазіргі таңда банк клиенттері әлеуметтік желілерде Kaspi.kz мобильді қосымшасында шоттардың босап қалғаны туралы жазуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер