Нұрғали Нүсіпжанов расымен ұлды болды ма?

5066
Adyrna.kz Telegram

Кеше, 27.10.2020 жылы Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері  Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында әке атанғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы тараған еді. Осы ақпарат бойынша Almaty телеарнасының басшысы Нұржан ЖАЛАУҚЫЗЫ арнайы түсінік берді, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мұндай қауесеттің таралуына түрткі болған Almaty телеарнасының Paparazzi бағдарламасы. Осыған орай Almaty телеарнасының басшысы Нұржан Жалауқызы  Facebook парақшасында халықтан және айтулы өнер тұлғасынан кешірім сұрады.

Нұржан Жалауқызы: «Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын.

Телеарнамыздың ұстанымы - қазақ елінің кешегісі мен бүгіні үшін аянбай еңбек еткен әр саладағы аяулы ұл-қыздарына әрдайым құрметпен қарау болып қала береді», - дейді жазбасында.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер