Адамзаттың жауыздығында шек жоқ

2235
Adyrna.kz Telegram

70 жылдан астам уақыт өтсе де Екінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген кесапаты мен қасіреті, екі аяқты адамдардың бір-біріне жасаған жауыздықтары  ұмытыла қойған жоқ. Мүмкін әлі талай уақыт ұмытылмаста.

Ресейдің Новгород облысындағы Солецкий аудандық соты фашистердің бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіруін  алғаш рет «геноцид» деп таныды. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы ria.ru – ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

  «Ресейде кеңес азаматтарын нацистердің өлтурі алғаш рет геноцид деп танылды. Бұл жерде Новгород облысының Жестяная Горка ауылындағы 1942 жылы болған қырғын туралы айтып отырмыз» - делінген мақалада.

 «Заңды мәні бар факті  анықталсын: 1942-1943 жылдары  «тайльтоптың» сарбаздарының кем дегенде 2,6 мың кеңес азаматына қатысты жасаған қайта анықталған қылмыстары   адамзатқа қарсы жасалған әскери қылмыстар, этникалық топтардың геноциді  деп танылсын», — деді судья Марина Малышева».

Жестяная Горкадағы адамдарды жаппай жою «Кеңес Одағының бейбіт тұрғындарын  күштеп қуып шығу арқылы азат етілген аумақты немістердің отарлауы  үшін жасаған Германияның жоспарының бір бөлігі болған».

Қорытынды сөзінде Новгород облысы прокуратурасының азаматтық-құқықтық бөлімінің бастығы Виталий Новиков Нюрнберг трибуналының жарғысына сәйкес әскери қылмыстардың ескіру мерзімі жоқ екенін еске салды.

Тарихшылардың мәліметінше  1942 жылы Жестяная Горка ауылында нацистік жазалаушылар бейбіт тұрғындарды жаппай атып өлтірген.  Өткен жылдың көктемінде «ескіру мерзімі жоқ»-атты  Бүкілресейлік жоба аясында  жүргізілген іздеу жұмыстары барысынды аталған елдімекеннен  500-ден астам  адам қалдықтары табылған.

Аяусыз өлтірілгендердің  арасында 188 бала болды, олардың ең кішісі небары бес жаста болған екен.

Осының бәрінің негізгі ұйымдастырушысы деп – неміс генералы Курт Герцог танылған, ол  1947 жылы кеңестік әскери трибуналмен 25 жылдық лагерьге сотталған еді, алайда көпке бармай 1948 жылы қайтыс болады.  Ал бұйрықты орындаушылар болса жауапкершілікке тартылмаған.

Президенттің көмекшісі Владимир Мединский КСРО-ның соғыста үлкен шығындарға ұшырағанына   қарамастан (адам шығыны),  геноцид фактісі халықаралық деңгейде тек еврейлерге, сығандарға және сербтерге қатысты мойындалғанын атап өтті.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Кеңес Одағы 1941-1945 жылдардағы соғыста 27 миллион адамынан айырылған екен.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер