Қызылордада тергеу изоляторына келген палау ішінен телефон шықты

2108
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған А есімді азаматқа танысының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Танысы Samsung маркалы телефон, "Beeline", "Activ" сим картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер