58 жасар петропавлдық медицина қызметкерлерін гранатамен қорқытты

2006
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласының 58 жасар тұрғыны медицина қызметкерлерін гранатамен қорқытып, №4 қалалық емхананың жұмысын тоқтатып қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына полицейлер шұғыл жеткен.

«102 арнасына сағат 9.10-де қоңырау түсті. Оқиға орнына барлық қызметтер жіберілді. №4 емханадан медицина қызметкері мен 100-ден аса емделушілер шығарылды», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Жарғыштехник-мамандары оқ-дәріні алып, қауіпті жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған контейнерге орналастырды. Ер адам ұсталып, Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған факті ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

СҚО ПД жарғыштехник-мамандарының алдын-ала жүргізген тексерісіне сәйкес, Ф-1 гранасында тұтандырғыш болған жоқ, бұл оның жарылу қаупін төндірмейтінін көрсетеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер