Карантиннен қорыққан шенеунік қашып кеткен

2156
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік қызметкерде коронавирусқа ПТР-тест тапрсығаны  туралы анықтама болмаған.

 

"23 қазанға қараған түні Шарм-эль-Шейхтен ПТР тапрсығандығы  туралы анықтамасыз келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны ПТР талдауын тапсыру үшін карантиндік шараларға арналған  арнайы автобусқа отырған кезде әуежайдан қашып кеткен.

Аталған тұлғалар ерлі-зайыптылар болып табылады. Олардың бірі – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметкері", - деді Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Көлік полициясының қызметкерлері аталған адамдардың орналасқан жерін анықтап,  карантиндік стационарға жеткізген.

Қашып кеткендерге 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Ал министрлік болса өз қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға уәде берді.

"Әрине, біз бұл қызметкердің әрекетін айыптаймыз. Біз барлық талдаулардан өту  керек деп санаймыз. Осыған байланысты қызметтік тексеру басталды. Карантиннен қашуға тырысқан мемлекеттік қызметші министрлікте бір жылдан бері жұмыс істейді", – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер