Ердоған саяси ұпай жоғалта бастады ма?

2268
Adyrna.kz Telegram

Ердоған "Hedef 2053" бағытын жариялайтынын хабарлады. Мақсат Түркияны Қара теңіз, Ақ теңіз, Кавказ, Балкан, Африка өңірінде аймақтық державаға айналдыру. Жалпы Түркияда бір партия 2053 жылға дейін отырмайтыны анық. Қоғам басқа. Ерте ме, кеш пе "Ақ партия" биліктен кетеді.

Бұл саяси реализм. Бірақ қартайып келе жатқан Ердоған неге алдағы 30 жылға жоспар құруда?.. Оған қалай жетеді?

Соңғы жергілікті сайлауда "Ақ партия" Стамбулдан айрылды. Көп жерде жеңілді. Артынша Ердоғанның үзеңгілестері бұрынғы экономика министрі Али Бабажан "Deva" (Демократия және прогресс) партиясын құрды. Бұрын Ердоған кабинетінде Сыртқы істер министрі болған Ахмет Давутоглу "Келешек" партиясын ашты. Екеуі де Ердоғанға ренжіп немесе ренжігендей сыңай танытып кетті. Көп азаматтар Ердоған саяси ұпай жоғалтуда деген ой-пікірде. Меніңше ойынның ішінде тағы бір саяси ойын бар.

"Ақ партия" 20 жылға жуық уақыт билікте. Ел шаршады. Дауыс жоғалтуда. Ататүрік құрған оппозициялық СНР мен тарихы тереңдегі МНР партиясын жауып, қудалай алмайды. Қоғам басқа. Диктатор деп көтеріліп биліктен алып тастауы мүмкін. Ердоғанның жасы да келіп қалды. Бірақ Түркияны аймақтық державаға айналдыру ісі, Ердоған бастаған жол жалғасуы тиіс. Күні келіп "Ақ партия" биліктен кетсе "Deva" немесе "Келешек" партиясы билікке келіп, Ердоған бастаған істі жалғастыратын саяси жүйенің, партияның фундаменті қазір қаланып жатқандай. Мысалы, 2030 жылы Ердоған мен "Ақ партия" кетті. Бірақ оның ескі үзеңгілестері Али Бабажан мен Ахмет Давутоглы екі партиясын біріктіріп, билікке келіп істі жалғастыра береді. Халықтың көзінде билік ауысты ма? Әрине ауысты. Солай 2053-ке жетеді. Қазір екі партия да әкесін танытып Ердоғанды сынауға көшті. Дұрыс. Мақсаттары айқын. Әдемі келе жатыр.

Жалпы саясаттың заңы басқа. Елдің ақылды азаматтары жүргізсе ұзаққа барады. Мемлекет дамиды. Біздің күнделікті өмірдегі айтып жүрген әділдік ұғымының саясатта мүлде басқа, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтын өз өлшемі бар. Қалыпты жағдай. Барлық елде солай. Бұлай жасамаса, мемлекет сәл әлсіресе Франциядан бастап көп елдер Түркияны түтіп жеуге дайын отыр. 600 жылдық империя құрған Түркия элитасы да мұны жақсы біледі. Сабақтастық үшін тиісті шараларын да жасайды.

Бауыржан СЕРІКБАЕВТЫҢ, Facebook  парақшасынан алынды.

Пікірлер