Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды

2343
Adyrna.kz Telegram

Сеулде елдің бұрынғы президенті сотталып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Ли Мең Бакқа қатысты сот шешімі күшейген. Елді 2008-2013-ші жылдары басқарған бұрынғы басшы "мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Негізі, алғашқы инстанция шешімімен Ли Мең Бак 15 жылға сотталған еді. Алайда, өткен жылы қорғаушылар аппеляцияға беріп, бұрынғы Президент кепіл ақшаға босатып алды.  Артынан, Прокурорлар істі қайта қарап, жаңа айып тақты. Олар соттан коррупционер-басшыны 17 жылға жабуды  сұраған. Нәтижесінде аппеляциялық сот шешімімен 78 жастағы Ли Мең Бак қайта қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті DAS кәсіпорнынан 25 млрд вон, теңгемен айтқанда 9,5 млрд теңге жымқырып, шамамен 152 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер