Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

1968
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 20 жастағы қыз Жайық өзеніндегі көпірден секіріп кетті, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментіне Балықшы ықшамауданындағы Жайық арқылы өтетін көпірден бойжеткен өзенге секіріп кетті деген қоңырау түсті. Қайғылы оқиға орнына құтқарушылар 12 минуттан кейін жетті. Өкінішке қарай, қызды құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар өзеннен 20 жастағы қыздың мәйітін алып шықты. Оқиғаныңң мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер