Қатаң карантин режимі енгізілді

2046
Adyrna.kz Telegram

Бельгия Премьер-Министрі Александр де Кроо Бельгияда коронавирустық пандемияға байланысты карантин енгізілгенін мәлімдеді. Медициналық білімі бар барлық адамдар COVID-19 науқастарын емдеуге жұмылдырылды. Ауруханалардың толып кетуіне байланысты жұқтырғандар Германияға емделуге жіберіледі, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Kommersant.ru-ға сілтеме жасап.

"Бізде вирустың таралуын мүмкіндігінше шектеп, күресуден басқа амал жоқ... Бұл соңғы шаралар. Олардың әлі де нәтиже беретініне кепілдік беру біздің қолымызда",-деді Александр де Кроо баспасөз мәслихатында.

Карантинге байланысты мектеп демалысы ұзартылып, өмірлік маңызы бар тауарларды сатпайтын барлық дүкендер, сондай-ақ кейбір кәсіпорындар жабылуда. Азаматтарға әр отбасына бір қонақтан көп, ал төртеуден көп адамды ашық алаңда қабылдауға тыйым салынады.

Жаңа шаралар желтоқсан айының ортасына дейін қолданылады. Қазір елде коменданттық сағат енгізіліп, кафе мен мейрамханалардың жұмысына тыйым салынды. Барлық жерде қолданылатын маска режимі енгізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 30 қазанда күніне коронавируспен ауыратындар саны бойынша рекордты тіркеді — шамамен 506 мың адам. Ең көп инфекция Еуропада (259 мың) тіркелген. Бұған дейін Франция мен Германияда карантин жарияланған. Шектеулер Еуропаның басқа елдерінде де енгізілді.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер