Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын нокаутқа түсірді (Видео)

7067
Adyrna.kz Telegram

Қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кәсіпқой бокс кеші  Атырау қаласында ұйымдастырылған болатын. Осы кеште Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде танзаниялық  28-жастағы боксшы Ибрагим Маоколумен кездесті. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіс туын көтерді.

Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылдың 10 сәуірінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында 81 келі салмақта сынға түсіп, төрт дүркін әлем чемпионы атанған кубалық Хулио Сесар ла Крусты нокдаунға түсіріп, алтын медал жеңіп алды.

Сонымен қатар, Бекзат Нұрдәулетов алдағы уақытта Токио олимпиадасына жолдманы ұтып алған болатын.

Шаршы алаңдағы ерен қайраты мен шеберлігіне қарай отырып, еліміздің олимпиада комитеті оған кәсіпқой бокста бақ сынауға рұқсат берген болатын.

 

 

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер