Шымкент: «Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы арқылы 4 мыңнана аса азамат жұмыспен қамтылған

1855
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/cd817d1e-4b92-4589-82db-2c7e2c6992ff-960x500.jpeg?token=ff7bd52672656ccb5f3635efbf7cc1db
Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын. Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді. Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии