Шымкент қаласының сыйы - Түркістандағы ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысы қарқын алды

1583
Adyrna.kz Telegram

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды.

Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті кітапқа тапсырыс бере алады, содан кейін автоматтандырылған жүйе конвейер арқылы оны қоймадан жеткізіп береді.

Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласын дамыту үшін Шымкент қаласы да өз үлестерін қосып отыр.

Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуін қала әкімі Мұрат Әйтенов өзінің жеке бақылауына алған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер