Шымкент: Магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелері сумен толтырылуда

1344
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қаланың магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін суық сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.
«Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда бүгінгі атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толатырылатын болады», - дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.
Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер