Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі сәрсенбі күні де өтетін болды

1322
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері демалыс күндері өткізілетін. Қала тұрғындары үшін енді аптаның ортасында да жәрмеңке ұйымдастыру қолға алынып отыр.

Еңбекші ауданында аптаның әр сәрсенбі күні ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесі «Фосфоршылар» мәдениет сарайының алдындағы алаңда өтеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі азаматтарды қолжетімді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қамтамасыз етуді көздейді.
Аудан әкімдігі жәрмеңкеге келушілерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, бетперделік режимді, қол гигиенасын (қолғаптар, антисептиктер) және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескертеді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер