Қазақстанда діни телеарна ашылады

3004
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республикалық телеарнасы ашылады, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шара ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақпарат таратудың телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз»,-делінген діни басқарманың ресми ақпаратында.

Ертең телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатыспақ.

Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмысы аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер