Гүлнәр Міржақыпқызының туғанына 105 жыл (Видео)

8965
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 105 жыл бұрын, яғни, 1915 жылы 4 қарашада Орынбор қаласында журналист, әдеби мұраларды жинаушы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова дүниеге келді. Алаш қозғалысы көсемдерінің бірегейі, ұлттың ұлы тұлғасы Міржақыптың қызы деген атқа сай өмір сүрген Гүлнар апамызды "Адырна" ұлттық порталы ұжымы сағына еске алады.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет) бітірген. 1939-1987 жылдары – дәрігер-дерматолог қызметін атқарған. Ол – «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалар туралы деректерді алғаш жариялаушы.

Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын, кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Дулатованың очерктер мен эсселері 1988 жылдан жариялана бастады.

«Свет истины» («Шындық шырағы») кітабы 1995 жылы, 1999 жылы екі томдығы жарық көрді. Сондай-ақ, ол әкесінің «Оян қазақ!» (Алматы, 1989) кітабын, 2 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 1996, 1997), 5 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 2004) құрастырушыларының бірі.

2013 жылдың 18 ақпанында 98 жасқа қараған шағында Алаш­тың аяулы ұлдарының соңғы тұяқтарының бірі Гүлнәр Мір­жа­қып­қы­зы Дулатова апамыз алматы қаласында өмірден өтті.

 

Пікірлер