Балаларға базарлық: Достық (6 жасқа дейінгі балаларға арналған әңгіме)

12011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/ata-men-bala1.jpg
Ерлік пен Айдар – айнымас достар. Бір-бірін сәл көрмесе сағынады. Іздейді. Ерлік есепке, ал Айдар әдебиетке жүйрік. Әркез бір-бірін толықтырып жүреді. Өздері көрші тұрады. Соңғы кезде Айдар досымен хабарласпайтын боп жүр. Өйткені, ренжісіп қалған. Сол болмашы нәрсеге ғой, баяғы. – Ата, достық деген не? – деді ол. – Достық деген – адалдық. Дос көп болмайды. Соған адал бол. Ренжітіп алсаң, кешірім сұрай сал. Кішіпейіл бол. Айдар ойланып, Ерліктен кешірім сұрады. Екеуі татуласты.

Әлібек БАЙБОЛ

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

жазушы-драматург, әдебиеттанушы 

Комментарии